Күмән туса, билік қандастың қанын тексермек

2140
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстанға оралған азаматтардың қан құрамында «қазақ геномы» бар-жоғы тексерілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, с«қандас»  мәртебесін алғысы келетін үміткерлерде ұлты көрсетілген құжат болмаса немесе әкімдікте қандай да бір күмән туындаса, сараптама жүргізіледі. Ал комиссия құрамына жұмыспен қамту, білім беру, ішкі саясат және ішкі істер басқармаларының, ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері кіреді.

«Бұдан бөлек, ұлтты айқындау саласындағы профессорлар мен сарапшылар қатысады. Олар ұлтын растай алмаған әр азаматтың өтінішін ұжым болып қарап, оған қандас дәрежесін беруге бола ма деген мәселені шешеді. Комиссияда қандай да бір күмән туындаған жағдайда геномдық сараптама жүргізіледі. Сараптама арқылы азаматтың қазақ ұлтына қатысы бар-жоғы анықталады», - деп түсіндірді ол.

Пікірлер