Тұранның тұрақты мүмкіндіктері

1173
Adyrna.kz Telegram

Жалпы, әрбір мектеп бітіруші түлек үшін мектептен кейінгі өмір маңызды. Оны не күтіп тұрғаны алаңдатады. Қазір инновациялар мен перспективалық жобалар мен мүмкіндіктердің қайнап тұрған уақыты. Қазақстан бойынша мемлекеттік гранттан бөлек, жоғары оқу орындарының бөлетін немесе жеке қарастыратын гранттары көз емес.

Негізгі мүмкіндік көзі ол- мемлекеттік грантқа ілінбеген жағдайдағы және жалпы ішкі гранттардың бөлінуі. Ішкі грант жоғары оқу орындарының өз есебінен бөлінетін, талапкерге берілетін үлкен мүмкіндік. Себебі тегін оқумен жоғары біліммен қамтамасыз етеді. Қазақстан бойынша, инновацияға және перспективаға толы түрлі мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін жоғары оқу орнының бірегейі- Тұран университеті.
Оқу орнының басты беретін мүмкіндігі- ішкі грант. Яғни, талапкерге берілетін мүмкіндік. Тапсырушы түлектің қорытынды балл есебінде жылдық гранттар береді. Мұндай грант Алматыға арман қуып келген талапкерлер үшін теңдессіз мүмкіндік. Ал ішкы жабдықтары мен студенттерге арналған қолайлы жағдайлары көптеген білім алушы жастарды қуантады. Оқу барысындағы берілетін тапсырмалар мен кез келген жұмысты орындауға арналған толық жабдықталған кітапхананың өзін де жастар қалағанын табады.
Сонымен қатар, тағы бір мүмкіндік- «GRANT PROJECT» бағдарламасы. Яғни бағдарлама арқылы талапкер Тұран университетінің грантын ұтып ала алады. Бұл жерде тапсыру 2 кезеңнен тұрады. Бірақ осындай жобаның өзі біраз талапкер жастарға мүмкіндік сыйлайды.
Жыл сайынғы жаз айларындағы қабылдау комиссиясына келген талапкерлердің тұрақты ішкі грантпен қамтамасыз етілуінің өзі өз нәтижесін беруде.
Заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген жоғары оқу орнының көрсетер қолайлығы көптеген жоғары оқу орындарына қарағанда басым.
Қазіргі жастардың таңдауы- ол перспективалар мен инновациялар арқылы жүзеге асатын үлкен мүмкіндіктер ошағы.
Тұран университетінің осы ошақтардың қатарында екені мәлім. Тұрақты мүмкіндіктерді пайдалану арқылы тағы да біраз мүмкіндіктерге жол ашуға болады.
Ең керемет мүмкіндіктердің бірі- Тұран университетінің ұйымдары. Тұран университетінде жан-жақты бағыттағы ұйымдар өте көп. Олардың әрқайсысы өз алдарына қойылған бағытпен жұмыс жасау арқылы дамып, ай сайын жыл сайын өз нәтижелерін көрсетуде. Айта кетерлік «Сириус» интеллектуалды дебат клубы апта сайынғы өтетін республикалық деңгейдегі турнирлерде жүлдеді орындар иеленеді. Бұл ұйымда студенттер сөйлеу шеберлігі мен ораторлық қабілетін шыңдайды, дүниетанымы мен көзқарастар алаңын кеңейтеді. Жастар үшін, кез келген аудитория алдында қысылмай сөз сөйлеу үшін де беретін мүмкіндіктері өте көп. Ең бастысы- жайлы орта. Студенттердің әр ұйымнан алатын білімі бар. «Теарт» ұйымы қойылымдар арқылы жастарды шығармашылыққа баулиды. Мұнда әртістік шеберлігін дамытып, Қазақстанның түпкір-түпкірінде өнер көрсетіп, өзін әртіс есебінде танытып жүргендер аз емес. Осы секілді бизнес саласы мен ән, би бағытында құрылған ұйымдардың өзінде бәсекелестік артып тұр. Тек қана белгілі маман иесі ғана емес, сонымен қатар осындай студенттік ұйымдар арқала ерекше ортада жүріп, біраз жерді көріп, үлкен жетістіктерге жетуге әбден болады.
Қазіргі 21 ғасырда білім алуға талпынған адам үшін ұсынылатын мүмкіндіктер саны шексіз. Осы шексіздікте білім алып, даму үшін тұрақты мүмкіндіктер сыйлайтын жоғары оқу орнын дұрыс таңдаған жөн.
Қазіргі әлем білім алумен қатар дамуды қажет етеді. Сондықтан, біраз жастарды дамытумен қатар үлкен мүмкіндіктер сыйлап отырған Тұран университеті кез келген талапкерді қабылдауға дайын.

Айсара Мұратқызы

Пікірлер