Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Тәртіп бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңда вейптерді заңсыз айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
- вейп сатқаны үшін ең ауыр жаза - 50 тәулікке дейін қамауға алу;
- әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн - 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.