Ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста көлік қозғалысы шектелді

2073
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/1747ff36-f459-4e53-9a7b-014082fb7f54-960x500.jpeg?token=7d58b06f4046da2e57736f7050169e03
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 4 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі QazAvtoJol-ға сілтеп. QazAvtoJol компаниясының таратқан ақпараты бойынша, еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Ақтөбе облысының 2 учаскесінде бұрқасынға байланысты, нақтырақ "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255-330 км, Қарауылкелді аулысы - Атырау облысының шекарасы - 75 км, "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185-255 км, Шұбаркұдық ауылы - Қарауылкелді ауылы – 70 км жол жабық. Ал Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылы - Қайнар ауылы - 79 км жабылған. Себебі бұл аймақта қар аралас жаңбыр жауып, екпінді жел мен тұман болады. Жетісу облысында да 1 учаске жабық. Бұл өңірде тұман болып, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылады. Елдің батысында да жел мен бұрқасын болып, ауа райы қолайсыз болады. Батыс Қазақстан облысында 6 учаске "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласы - РФ шекарасы - 100 км. "Атырау-Орал" 375-492 км, Чапаево ауылы - Орал қаласы - 117км. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0-213 км, Чапаево ауылы - Казталовка ауылы – 213 км. "Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы" 0-158 Казталовка ауылы - Жәнібек ауылы – 158км. "Подстепное-Федоровка РФ шекарасы 0-36 км, Подстепное ауылы - Федоровка ауылы – 36 км. Бұл аймақта екпінді жел, бұрқасын, шектеулі көрініс қозғалысқа кедергі екені айтылған. Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 289 техника және 460 жолшы жұмылдырылған.
Комментарии