"Қолдауларыңыз өте маңызды". Қазақстандық спортшы қысқы Олимпиадада жүлделі болды

3250
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/whatsapp-image-2024-01-21-at-16.31.21.jpeg
Қазақстандық спортшы Канвонда өтіп жатқан олимпиадада қоланы жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Туризм және спорт министрлігіне сілтеп.
Канвонда өтіп жатқан олимпиадада қазақстандық 16 жастағы спортшы шорт-тректен бәсекеге түсті.
Құрама спортшысы Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта қола жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қытайлық қос бәсекелесіне есе жіберіп алды
1000 метрлік жарыс финалында қытайлық Ли Жинзи алтынды 1:40.803 көрсеткіші бойынша жеңіп алды. Ал күмісті иеленген Янг Жингру 1:40.996 нәтиже көрсеткен. Полина Омельчук 1:41:600 нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы жас болса да шорт-тректен үздік өнер көрсетті.  Сонымен қатар, желаяқ спортшы күні ертең 17 жасқа толады.
Комментарии