Кировтан - Фарабиге дейінгі 90 жыл

4516
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі
Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне – 90 жыл.

1934 жылдың 15 қаң­тары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы универ­ситет Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ресми ашылу күні болып саналады.

1934 жылдың 15 қаңтары күні университеттің алғашқы студенттері қабылданып, 19 қаңтар күні Верный ерлер гимназиясының ескі ғимаратында биология және физика-математика факультеттерінің 54 студенті оқуға кірісті. Осы жылдың 1 қыркүйегінде химия факультеті ашылды.

Университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликов тағайындалды. Университеттің ғылыми және оқыту жұмыстары республикадан тысқары жерлерде арнайы дайындықтан өткен 18 оқытушы құрамымен басталды. 1934 жылдың 2 желтоқсанында университетке С.М.Киров есімі берілді.

Университет өмірінің жарқын беттері, соның ішінде ғылым мен мәдениетінің ең үздік жетістіктері 70-80 жылдарға сәйкес келеді. Осы кезеңде университетті белді қоғам қайраткері, академик Ө. Жолдасбеков (1970-1986) басқарды. Университеттің керемет студенттер қалашығы құрылысының бірінші кезеңі басталып, ғылым мен білімнің жаңа дәстүрлері туындап, дамып, нығая түсті. Университет студенттері де ғылым, өнер және спорт саласындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ол азаматтың беделі, қайрат-қажыры мен табандылығының арқасында университетке қалашық салу үшін тамаша территория және осы керемет жобаны жүзеге асыру үшін қаржы мен қаражат-күш бөлінді.

Кейін ҚазССР Министрлер Кабинетінің № 629 Қаулысымен 1991 жылы 23 қазанында Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы философ, энциклопедист ғалым әл-Фараби аты беріліп, 1993 жылдың 9 қаңтарындағы №1059 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қаулысымен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталатын болды.

 Айта кетейік, университетке былтыр ребрендинг жасалған болатын. Енді оқу ордасы әл-Фарабидің орнына Фараби университеті атала бастады.

Пікірлер