IBO Головкиннің келесі қарсыласын таңдады

2652
Adyrna.kz Telegram

Халықаралық бокс ұйымы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы ретінде кімді көргің келеді деген сауалнама IBO-ның Twitter-дегі парақшасында өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орында – Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО). Оған бокссүйер қауымның 59%-і дауыс берген. Одан кейін  Деметриус Андраде (27-0, 17 КО), Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) және Джермалл Чарло (28-0, 17 КО) жайғасты.

​Айта кетейік, Геннадий Головкин IBO белбеуін 2011 жылы жеңіп алған. Қазақстандық боксшы 2018 жылдың қыркүйегінде Сауль Канело Альварестан жеңіліп, белбеуіне айырылып қалды.

Головкиннің соңғы жекпегі 9 маусым күні өтті. Ол канадалық боксшы Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірді. Кейін отандасымыз мексикалық боксшы Сауль Канело Альвареспен жұдырықтасқысы келетінін айтқан болатын.

 

Дереккөз: https://sputniknews.kz/sport/20190618/10584705/IBO-Golovkinnin-keles-arsylasyn-atady.html?fbclid=IwAR0u-8eiBzE43xFytykPDBFPrelN68lkSR0r4SbsMkexW2dIhd5vEBnJqCE

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер