LRT жыры. Антикор Астананың экс-әкімі мен серіктесі Арданды іздеу жұмыстарын айтты

2243
Adyrna.kz Telegram

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астананың экс-әкімі Қанат Сұлтанбеков пен LRT ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу және экстрадициялау туралы жұмыстары қалай жүріп жатқанымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, экс-басшы Сұлтанбеков АҚШ-та.

"Сонымен қатар АҚШ заңнамасына сәйкес, Интерполдың қызыл бюллетенінің болуы (экстрадициялау мақсатында адамды іздеу және қамауға алу туралы халықаралық хабарлама) қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға және оны Қазақстанға экстрадициялауға негіз бола алмайды", - деп хабарлады агенттік.

Агенттік бас қаладағы LRT-ға жауапты болған Талғат Арданның қайда екенін әлі  анықтамағандарын жеткізді.

"Іздеудегі Арданға қатысты, оның ішінде бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық бюросының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен ынтымақтастығы аясында жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жемқорлық әрекеттеріне күдікті деп танылған Талғат Ардан бес жылдай іздеуде жүрсе, экс-шенеунік Қанат Сұлтанбеков төрт жыл бұрын елден қашып кеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер