Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жетім балаларға бөлінетін әлеуметтік тұрғын үйдің қиындықтарын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Уәкіл әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балаларға арналған квотаны сақталмауы үлкен мәселе екенін айтты.
"Қазіргі уақытта тұрғын үйге кезекте 645 мыңға жуық азамат тұр, олардың ішінде 62,6 мың жетім балалар. Қазіргі уақытта жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй берудің негізгі проблемасы-әлеуметтік тұрғын үй құрылысының қарқыны. Екінші мәселе кейбір облыстарда әкімдіктердің квотаны (20 %) сақтамауы", - деді Закиева.
Сонымен қатар, шенеунік әкімдік басшылығын әлеуметтік тұрғын үйді бөлу кезінде квоталарды сақтамағаны үшін жазалауды да ұсынды. Ол сөз соңында тұрғын үй бөлу мәселесі бар екеніне өкініш білдірді.
"Мен 18 жасқа толған жетім балалар бірден өз үйінің кілттерін алғанын қалаймын. Ол үшін жетім балаларға арналған тұрғын үй сатып алудың жаңа жүйесі мен тетігін қарастыру қажет, Мүмкін "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы шеңберінде жетім балаларға арналған есептеулер кезінде жоғары коэффициентті енгізуді қарастыру қажет", — деп түйіндеді ол.
Зәкиева мемлекет басшысы маусым айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тұрғын үй мәселелерін шешу міндетін қойғанын атап өтті.