Жеті жылға сотталған шенеунік Тимур Тоқтабаевтың жазасы қатаңдатылды

1998
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстанның бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың жазасы қатаңдатылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталған бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевтың жазасы қатаңдатылғаны белгілі болды.

«Іс жазаны өтейтін мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық шағымы, сондай-ақ сотталушы мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы уәждерін келтірген өтініштері негізінде қаралды. Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденгендіктен үкімнің күшін жоюға негіз таппады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге қатысты сот үкімі ең төменгі қауіпсіздіктен орташа қауіпсіздікке өзгертілді. Үкім заңды күшіне енді» - делінген хабарламада.

27 қазанда Тоқтабаев қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылған еді. Ол жеті жылға түрмеге тоғытылған. Шенеуніктің әрекетінен кейін мемлекетке 40,6 миллиард теңге зиян келген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер