Жамбылдық спортшылар жүлдемен оралды

2032
Adyrna.kz Telegram

Жамбылдық спортшылар Түркістан қаласында самбодан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатында жүлдемен оралды, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Тараз командасының құрамында «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері де болды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «Бином» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы Нұржан Рысбаев қола жүлдені иеленді. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-ші орынға «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электргазбен дәнекерлеушісі Мұрат Нарботаев табан тіреді.

Бас директор Серік Олжабеков бастаған «Бином» ЖШС қызметкерлері қазіргі заманғы тұрғын үйлердің құрылысымен айналысумен қатар, спорттық додада да қала намысын лайықты қорғайтынын өз жетістіктерімен дәлелдеді.

Пікірлер