Бірінші сыныптағы 25 баланың оншақтысы қатысады. Біреуі есінеп ұйқысын ашпаған, біреуі тамақ жеп отырады. Тағы бір-екеуінің қасында мамасы мұғаліммен жарысып, сабақ түсіндіріп жатады.) Даусын өшіріп қою дегенді білмейді.)
Апайы айқайлап жатыр, жамыраған балалар бір-бірін тыңдамайды. Тапсырманы орындамадым деп жылап жатқандары бар.))
Бір уақытта біздің қыз сабақ оқып отырған бөлмеден атып шығып, сальто жасай кетеді. "Әй, не болды?" десең, "Қоңырау" дейді.)) "Ой, Алла" дейсің.))