Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- ұлт сапасын жақсарту қызметінде!

988
Adyrna.kz Telegram

Еліміз өркен жайып, кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілу екені белгілі. Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолдану арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау  әр білім ордасының міндеті. Осы ретте,өзім білім алып отырған  Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақсаты отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру кеңістігінде орын алатын, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытып, оларды өндірісте қолдануға өз үлестерін қосатын жоғары маман иелерін дайындау екенін бөліскім келеді. 

Қарашаңырақ жыл сайын QS, THE, ARES сияқты ең беделді халықаралық рейтингтерде алға шығып, зор ғылыми әлеуеті мен жоғары бәсекеге қабілеттілігін айқын дәлелдеп келеді. Атап айтар болсақ, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынға ие.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингінде (QS Graduate Employability Rankings) 550 ЖОО-ның ішінен 201-251-орынды алған Орталық Азиядағы алғашқы ЖОО болды.

Британдық "Times Higher Education" агенттігінің зерттеу нәтижелері бойынша ҚазҰУ 1001-1200 позициясын сақтап қалды, Asia University Rankings рейтингінде 401-500 - орын, THE Emerging Economies rankings-351-400-орын, the Impact Rankings рейтингінде-801-1000 орынды иеленді.

Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

Ең экологиялық университеттердің "UI Green Metric Ranking of World Universities" жаһандық рейтингінде университет 212-ші орынға ие.

Университет әлемнің 500-ге жуық жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатып, білім беру ісіне шетелдік үздік ғалымдарды тартып отыр. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық, қос диплом, Erasmus+, Fulbright, DAAD, Mevlana, Болашақ халықаралық бағдарламалары жас ғалымдардың озық елдердің тәжірибесін игеруіне кеңінен жол ашуда.

ҚР жоғары оқу орындарының сұранысқа ие ұлттық рейтингіне енген 135 оқытушының жартысынан астамын ҚазҰУ қызметкерлері құрайды. Университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері өз саласының көптеген жетістіктерге ие мамандар. Нәтижесінде ҚазҰУ университетінің студенттері өз мансабында жетістікке жетуге көмектесетін сапалы білім мен ғылыми білім алуға мүмкіндік алады. Оқу барысында оқытушылар білім алушыларға теориялық біліммен ғана шектемей,оны практика жүзінде іске асыруға ықпал етеді. 

Өзім философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 1 курс магистрантымын. Соңғы жылдары Қазақстанда әлеуметтік педагогиканы дамытуға және қолдауға көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар шеңберінде әлеуметтік педагогтар үшін олардың кәсіби дағдылары мен құзыреттерін арттыруға бағытталған тренингтер, семинарлар және кәсіптік курстар өткізілуде. Сондай-ақ әлеуметтік осал жағдайдағы оқушылардың құқықтарын қорғалуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет инклюзивті білім беру жағдайларын жасауға және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған саясатты әзірлеуге және енгізуге үлкен мән беруде. Сәйкесінше, қазіргі таңда қоғамдағы ең өзекті де қажетті мамандықтың бірі.

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының кәсіби іс-әрекетінің мазмұны:

  • Оқу орындарында және тұрғылықты жерiнде тұлғаның әлеуметтік құқықтарын қорғау;
  • Мамандандырылған білім беру ұйымдарында және арнайы білім беру мекемелерінде, педагогикалық - түзету, оңалту және тәрбиелік іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
  • Әр түрлі әлеуметтік топтар, өскелең ұрпақ әлеуметтендіру және тұлғалық дамуына әлеуметтік- педагогикалық көмек көрсету;
  • Тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда отбасына әлеуметтік- педагогикалық қолдау көрсету;
  • Әлеуметтендіру және жеке даму процесін сапалы ұйымдастыру және басқару;
  • Белсенді білім берудің жеке маңыздылығын, танымдық қызмет әдістерін дамыту мен зерделеуге баса назар аудару;
  • Өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, жеке студенттің бүкіл білім беру процесін бағдарлау;
  • Өздігінен білім алуға және студенттердің кәсіби бағдарлауына қолайлы жағдайлар жасауға әр түрлі педагогикалық технологияларды пайдалану.
  • Өзін-өзі тануда ең озық білім мен педагогикалық элементтерді қоса алғанда, зерттеу саласындағы білімі мен түсінігін көрсету;
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялау.

Біз үміт артар болашақ тек физикалық тұрғыдан дені сау ұрпақ ғана емес, психологиялық, рухани кемелденген, тәрбиесі ұлтының тарихынан бастау алған патриот, ментальды сау болу тиіс. Осы негізде қоғамға қажетті, жоғарғы білімді, білікті әлеуметтік педагог мамандарын даялауда педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ұстаздары аянбай еңбек етуде. Мен КазҰУ ұстаздарының шәкірті болғаныма мақтанамын. 

Мемлекетіміздің болашағы ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын болғандықтан, ел білімді жастарға тәуелді. Білімді ұрпақ-іргелі елдің кепілі екені даусыз, ендеше әлемнің дамыған мемлекеттерімен иық теңестірер деңгейде, бәсекеге қабілетті болайық дегім келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

пед.ғ.к., доцент Текесбаева Анар Молдақыновна

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 

1 курс магистранты Едилбаева Арай Умирбаевна







Пікірлер