Батыс Қазақстанда төрт жастағы бүлдіршін қызамықтан көз жұмды

2301
Adyrna.kz Telegram
alataunews.kz
alataunews.kz

Батыс Қазақстан облысында қызамық дертінен төрт жасар қыз бала көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қызды аман алып қалу мүмкін болмағанын айтады.

"5 желтоқсан күні кешкі сағат 10-да түседі де, бес сағаттың ішінде жағдайы күрт нашарлап, жүрегі тоқтады. Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы  скарлатина. Өкпенің қабынуы, миокардит, жүректің миокард ісінуі. Қабынғанда сондай диагноз қойылды. Енді гистологтар гистологияға керек анализдерді, толық диагноз алды. Оның нәтижесіне бір жұмадай уақыт керек",  деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов.

Онымен бір балабақшаға барып жүрген тағы төрт бала қазір ауруханада. Оның біреуі жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Аталған ауру көбінесе 2-10 жас аралығындағы балаларда кездеседі екен. Тасқала ауылындағы балалар арасында тіпті  өршіген көрінеді.

Облыста жыл басынан бері бұл аурумен 780 адам ауырса, 347-сі ауруханада емделген. Олардың тек 21-і ересектер.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер