Қырғыз билігі сириялық арнайы лагерьлерден 96 адамды отанына қайтарды

1072
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі
Фото: Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі

Қырғызстан билігі Сирияның солтүстік-шығысындағы арнайы лагерьлерде болған азаматтарын елге қайтару үшін «Айкөл-4» гуманитарлық миссиясын өткізді. 8 желтоқсанда 31 әйел мен 65 бала еліне оралды. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайдйы “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 96 адамнан тұратын топ арнайы ұшақпен Бішкекке ұшты.

«Қырғыз тарапы Америка Құрама Штаттарының үкіметіне арнайы операция жүргізуге жан-жақты көмек көрсеткені және осы гуманитарлық процесті сәтті жүзеге асыру үшін логистикалық қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) және қиын өмірлік жағдайда қалған азаматтарды елге қайтару бойынша төртінші ірі науқанды өткізуге көмектескені үшін Халықаралық Қызыл Крест комитетіне алғысын білдіреді», - делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, «Айкөл» операциясы Қырғызстандықтарды Таяу Шығыс елдерінен қайтару бойынша екінші шара болды. 2021 жылдың наурыз айында «Мейрим» операциясы аясында Ирактан 79 бала қайтарылды. 2023 жылы төрт Айкөл миссиясы барысында 101 әйел мен 232 бала туған елге оралды. Олардың күйеуі мен әкелерінің тағдыры хабарланбайды.

Пікірлер