Ақтөбе облысы Қиялы шекара заставасында болған атыстан әскери қызметкер қаза тапты

3445
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің «Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша әскери қызметші екеуара жанжалдың салдарынан әріптесіне қарудан оқ атқан. Ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы

Ролан Жанысбаевтың айтуынша, қазір әскери тергеу басқармасының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Қақтығыстың нақты неден туындағаны, әскери қызметкерлердің жасы нешеде, олардың отбасылық жағдайы, қызмет өткерген уақыты, бұл деректердің барлығы тергеу мүддесіне жария етілмейді. Белгілі болғандай, екі әскери қызметкер де келісім-шарт бойынша жұмыс істеген, екеуі де Ақтөбе облысының тумасы.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша күдікті қамауға алынды.

Пікірлер