Жетісуда көлік жүргізушісі жылқыны қағып, оқиға орнында көз жұмды

2391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44
Жетісуда көлік жүргізушісі жылқыны қағып, апат салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жетісуда 45 жастағы Audi A8 жүргізушісі жолға шығып бара жатқан жылқыны қағып кетті. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Полицияның хабарлауынша, оқиға 3 желтоқсан күні таңертең Сарқан қаласынан шыққан кезде болған. Audi көлігінде болған жолаушы жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Полицейлер жануардың иесін анықтауға кіріскен.
Комментарии