Атырауда жалған ақпарат таратқан ер адам жауапкершіліктен босатылды

2095
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Атырау облысындағы мектепте бомба бар деп хабарлаған ер адам қылмыстық жазадан құтылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Мой город басылымына сілтеп.

Атырауда ер адам мектептердің бірінде бомба болғанын хабарлаған. Кейіннен оның жалған хабарлама таратқаны анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Алайда жауапкершіліктен босатылған.

«Күдікті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, жалпы психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуге тағайындалды», - делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.

Атырау облысының полиция департаментінің мәліметінше, қоңырау шалған 27 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Ер адамның денсаулығында кінәрат болып, ол қайда қоңырау шалып жатқанын білмеді.

«Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл азамат созылмалы психикалық бұзылыспен ауыратыны расталды, ол созылмалы түрдегі параноидтық шизофрения, тұрақты ақауы бар», - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер