Home » Айдарлар » Қоғам » Марғұлан Сейсембай. Сайлау қалай өтті?

Марғұлан Сейсембай. Сайлау қалай өтті?

Достар,
кеше ҚР президентiнiң сайлауы өттi. Мен көп жылдан берi сайлауларға жәй ғана күәгер ретiнде қатысып жүрдiм. Менiң/сiздердiң немқұрайлығым бiз негiзгi демократиялық құндылықтардан айырылғанымызға әкелiп соқты. Мен бұрын сайлаудың жалғандығы, әдiлетсiздiгi туралы көп еститiнмiн. Бiрақ менiң өзiмнiң оған көзiм жетпегендiктен, оған iшкi сенiмдiлiк болмағандықтан мен үндемедiм.
Бұл жолы мен бәрiн өз көзiммен көрiп өз-өзiме ең маңызды сұраққа жауап тапқым келдi. Ол сұрақ – осы сайлау жүйесi халықтың талабын дұрыс жеткiзе ме жоқ па? Ол үшiн мен тәуелсiз бақылаушы болып тiркелiп өзiм сенетiн адамдарды да бақылаушы болуға шақырдым.
Менiң 494 учаскемде бәрi керемет әрi мөлдiр түрде өттi. Мен барлық жерге басымды сұғып бәрiн тексердiм. Таңғы сағат 5-50-тен түңгi сағат 23-16-ға дейiн бәрiн толықтай бақыладым. Учаске мен сейфтi ашқанда бюллетень санын өзiмiз санап алдық. Күн бiткенде қолданбаған бюллетендердi жойдық. Барлық берiлген дауыстарды мұқият санадық. Артық бюллетень сырттан тасталған жоқ. Бес адам ғана өздерiнiң дауыстарын фотоға түсiрiп өздерiнiң басшыларына жiбердi. Менде менi арнайы тыныш учаскеге жiбердi деген күдiк туды. Менiң учаскемнiң дауыс беру удерiсiнiң әдiлеттiгiне мен 99,99% кепiл бере аламын. Төменгi фотода менiң 494 учаскемнiң нәтижесi бiрiншi болып тұр.
Мен тағы да 5 вотсап бақылаушылар топтарында тiркелген соң, мен олардың iшiнен өзiмнiң сенетiн бақылаушыларым бар 19 учаскелерiнiң нәтижесiн алып сараптадым. Олардың учаскелерiнiң нәтижесiне мен 90% сенемiн. Қорытынды кестесiн төмеңгi фотодан қараңыз. Барлық мәлiметтер нақты сайлау комиссияларының протоколдарымен дәлелдеңген.

Ендi жалпы әсерлерiм жөнiнде.
Кеше мен сайлау жүйесiнiң iшкi асүйiнде болып шықтым. Көптеген асүйлердегiдей, оның iшiнде көрiксiз дүниелер өте көп.
Бiрiншiден, Орталық сайлау комиссиясының сайлаушылар белсендiлiгi жөнiндегi мәлiметтер мен тәуелсiз бақылаушылары бар учаскелердiң мәлiметi жер мен көктей. Айырмашылығы екi есеге дейiн барды. Ақпарат жөнiнде, бiздiң барлық бақылаған учаскелерiмiздiң белсендiлiгi 32,58% болды.
Екiншiден, сайлау үдерiсiнiң ережелерiн бұзушылықтардың көптiгiн және ол Алматы қаласында болып жатқанын ескерсек, барлық Қазақстан бойынша сайлауда қаншама бұзылым мен жалғандық болғанын түсiнуге болады.
Үшiншiден, вотсаптағы хабарлар бойынша, бұрмалаудың басым бөлiгi жоғары оқу орындары, мемлекеттiк мектептер, бюджет қызметкерлерi, ауыл өңiрлерi мен погон кигендерден болды.
Төртiншiден, ең жиi кездескен заңды бұзушылық ол мекеме басшыларының өздерiнiң қарамағында iстейтiн жұмыскерлерге жасаған қысым. Олардың қалай дауыс бергенiн фотоға түсiрткiзу.
Бесiншiден, жалпы сайлау заңы бойынша сайлау үдерiсi жақсы жазылған. Мәселенiң барлығы бақылаушылардың аздығында, не олардың пассивтi немқұрайлығында. Бiз, қоғам болып, өзiмiздiң немқұрайлығымызбен сайлау учаскелерiнде болатын заңсыздыққа жол беремiз. Бақылаушылардың қолдарында көп нәрсе бар! Мен оған өз көзiм әбден жеттi.

Ендi нәтижелер жөнiнде.
Мен өзiм сенетiн бақылаушылары бар 20 учаскелердiң нәтижесiн талдадым. Жалпы сайлаушылар саны 46 547 болды. Сайлауға 15 167 адам немесе 32,58% қатысты. Тоқаевқа 6 943 адам немесе 45,78% дауыс берiлдi. Қосановқа 6 576 адам немесе 43,36% даус берiлдi. Қалғандарына 1 107 адам немесе 7,3% даус берiлдi. Осы мәлiметтерге сүйенсек онда 20 учаскелердiң нәтижесi бойынша екiншi тур болу керек.
Айтпақшы, егер бойкотшылар сайлауға қатысқанда, Қосановтың бiрiншi турда жеңуге әбден мүмкiндiгi болды. Мен болжағандай, бойкотшылар Тоқаевтiң мүддесiне ойнады.
Сiздердiң естерiңде болар, мен сайлаудың басында, Борейко журналисiне берген сухбатымда Тоқаевқа 69% жасайды, ал Қосановқа 15% бередi деген болжам жасағанмын. ОСК мәлiмдемесi бойынша солай болды.

Сайлау жүйесiнiң iшiнде болып шыққан соң мен өзiме көп нәрсенi түйiп түсiндiм. Елiмiзге терең саяси реформалар керек. Мен оған ат салысып қолымнан келгеннiң бәрiн жасаймын. Бiзде ендi екi-ақ жол қалды, ол саяси реформалар немесе алаңға шығу. Саяси реформаларды бастау үшiн бiзде уақытта көп емес, оларды 3-5 ай iшiнде бастау керек. Олай iстемесе халықты алаңнан ешкiм тоқтата алмайды.
Сондықтан билiк соны ескерiп қадам жасау керек, әйтпесе күзiмiз ыстық болайын деп тұр.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Қазақстанда соңғы жылдары даму тоқтады…

Негізі Өзбекстанда президент ауысқалы күрделі өзгерістер бар. Ел даму мен жаңаруға бет алды. Бізде соңғы ...