6 миллион сум. Өзбекстанда әйелдердің құқығын бұзған кафеге айыппұл салынды

1305
Adyrna.kz Telegram
Фото: gazeta.uz
Фото: gazeta.uz

Өзбекстанда әйелдер құқығын бұзған азаматқа 6 миллион сум ($537) айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі fergana.agency-ға сілтеме жасап.

Шайхантахур аудандық соты кафе иесі мен оның қызметкеріне 6,6 миллион сум ($537) айыппұл салған.

Ташкенттегі кафелердің бірі 22:30-дан кейін әйелдерді мекемеге кіргізуден бас тартқан.

Өзбекстандық журналист Инобат Ахатова 18 қараша күні достарымен "Анхор" саябағының жанындағы кафеде отыруды жоспарлады. Алайда мекеме қызметкері 22:30-дан кейін әйелдерге кіруге тыйым салынатынын айтып, ішке кіргізбейді.

Осыдан кейін Ахатова ел Президентінің порталына шағым жазып, құқық қорғау органдарына жолданған арызы қаралады.

Журналист атап өткендей, кафе қызметкерлері ішке ережелерімен гендерлік теңдік қағидатын бұзған.

Айыппұл арқалағандар кінәні мойындады. Ал оқиға орын алған мекеменің иесі бейне үндеу жазып,   әйелдерден кешірім сұрап, бұл әрекетіне өкінетінін айтты.

Ахатованың сөзінше, журналисті қолдағандармен қатар, сөккендер де болған. Оқырмандары әйел адамға кешкісін көшеге жүрмеуге кеңес беріп те жатыр.

Пікірлер