Ішкі істер министрлігінің курсанттары ауруханаға жатқызылды

2454
Adyrna.kz Telegram
Фото: GOV.KZ
Фото: GOV.KZ

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оқу орталығының он курсанты жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Вирусқа байланысты оқу орталығындағы алғашқы студент 29 қарашада ауруханаға түскен. Ал бүгінде барлығының жағдайы тұрақты.

Бұған дейін Ақтөбеде Ішкі істер министрлігі институтының курсанты 21 жастағы Қамбар Бейбол 21 қарашада өкпе тінінің 80 пайыздық зақымдалуы, екі жақты толық пневмония диагнозымен жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болған еді.

Курсант 6 күн жансақтау бөлімінде жатып, қолданылған шараларға қарамастан 27 қарашада қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өлімге негізгі ауру – туа біткен жүрек ақауы себеп болғанын айтады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер