Ресейдің Украинаға әскери шапқыншылығы мен Украинаның шығыс аймақтарын басып алу кезінде Херсондағы Екінші дүниежүзілік соғыс құжаттары сақталған мұрағат, басқа да шағын мұрағаттар мен мекемелер тоналды, көптеген тарихи құжаттар жойылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы DW сайтына сілтеме жасап.
Қазір Украинаның басқа мұрағаттары да осындай қиындықтарды бастан кешіруде. «Ресей басып алғанға дейін де Украина мұрағаттарының жағдайы жақсы болған жоқ», - делінген хабарламада. Авторлар украин мұрағатының қызметкерлерімен сұхбатта негізгі проблемаларды атап көрсеткен: коллекцияларды сақтау мен жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі, материалдарды бақылап, күту үшін адам ресурстарының жетіспеушілігі, сондай-ақ бюрократиялық қиындықтар. Неміс сарапшылары: «Соғыс инфрақұрылымға, ғимараттарға жәнеНовости по теме

«Жабдықтың, қызметкерлердің немесе ақшаның жетіспеушілігінен физикалық жазбаларды сақтау қиын. Билік үйлерінен айырылған адамдарды баспанамен қамтамасыз етуге назар аударады, сондықтан олар үшін мұрағаттарды жөндеу бірінші орында емес», - дейді Аролсен мұрағат орталығы.
«Адырна» ұлттық порталы