Атырауда шетелдік транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсетумен айналысқан

2533
Adyrna.kz Telegram

Атырауда шетелдік транссексуал мен ер адам интимдік қызмет көрсетумен айналысқан. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін саунаны анықтады. Саунада еліміздің түрлі өңірлерінің - Шымкент, Алматы және Жамбыл облыстарының 8 тұрғынына "қызмет" көрсетілген.

Әкімшіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,—делінген хабарламада.

Сонымен қатар "Құқықтық тәртіп" іс-шарасы барысында интимдік қызмет көрсеткен Тәжікстан Республикасының 26 жастағы транссексуал азаматы мен интернет желісі арқылы интимдік қызмет көрсету үшін тапсырыс қабылдаған ер адам белгілі болды.

«Қазақстанға қараша айында келген шетелдік азаматқа қатысты елден шығару жөнінде іс-құжаттар көші-қон басқармасына тапсырылды. Барлық анықталған тұлға жезөкшелікпен айналысқандар есебіне тіркелді»,—деп толықтырды полиция департаменті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер