ГҮЛБАРШЫН САБАЕВА: Мұрагері кім дегенді үш қыздың алдында ашып алғысы келеді

2547
Adyrna.kz Telegram
Кешелі бері еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті кітабында екінші отбасы болғанын ашып айтып, ағынынан ақтарылды" деген "сүйінші" хабардан беліміз қайысып тұр.
Бұл дерек қоғам үшін әбден талқыланған ақжемденіп кеткен тақырып: Бірақ таныс болса да мәселені қайта көтеруінің екі түрлі себебі бар. Алғашқысы - мұрагері кім деген мәселені үш қыздың алдында ашып алғысы келеді: Басқаша айтқанда байлығым сендерге де, ұлдарыма да жетеді деген "намек", ертең атқа қонатын ұлдарым бар деп қоғамға қыр көрсетіп отыр. Ал екінші себебі тоқалы барын ашып айтты, тоқалдардың дәурені жүріп тұрған заманда сенім депозитінің пайызын көтеріп алғысы келді...
Мұның бәрі саяси , бірақ өте арзан шоу, өте арзан пиар ход. Бұрынғы президентіміз бұрыннан айтылып келе жатқан тоқалы туралы өсекті - легализациялады.
Қоғамның Назарбаевтан күтетін жауабы бұл емес еді. Басқа.
Ол неге 30 жыл бойы қолданыстағы заңды өзін қоршаған олигархтардың, отбасының ыңғайына бейімдеді, қыздарына, туыстарына "Қазақстанның асты-үстінің"байлығының иесі бізбіз " деген көзқарастың қалыптасуына халықтың көз жасы мен қаны есебінен неге жол беріп алды?..
Ол неге 20 млн халқы бар қазақ елін саяси амбициясының тұтқынына айналдырды?..
30 жылда неге мемлекетшіл-ұлтшылдық бағыттағы Үкімет құрамын неге қалыпастыра алмады, неге біз жемқорлар билеп-төстеген Қазақстанға айналдық?..
Жеке басқа табыну синдромының ел көлемінде жайылып кетуіне неге жол берді?
Ол неге қазіргі президентіміз Тоқаевқа тоналған, тас тапқаны шыққан Қазақстанды қалдырып, жаным тыныш, шаруам түгел деп айтады
Көңілде "неге? " "неге" деген көп сауалға жауап беруге Тұңғыш президентіміздің өмірі жетсе екен деп Құдайдан тілеймін,. Бұл оған халқы алдында тазару үшін, арылу үшін, оның есімі тарихта жақсы атпен қалуы үшін керек.

 

 

Пікірлер