Университеттер жалға алған хостелдерде өрт қауіпсіздігі сақталған - Министр

1201
Adyrna.kz Telegram
фото:zakon.kz
фото:zakon.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Almaty Hostel»-дегі өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, Университеттер жалға алған хостелдерде өрт қауіпсіздігі сақталған.

«Осы апатта 2 студентімізден айырылып қалдық. Олардың бірі Каспий қоғамдық университетінде білім алса, екіншісі Еуразия технологиялық университетінің студенті. Апаттың себебі мен салдары мұқият тексерілу үстінде және осыған байланысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Тамыз айында менің бұйрығыммен ЖОО ректорларына студенттерді хостелдерге орналастыру туралы тапсырма берілген болатын. Хостелдерде студенттерден өзге ешкімнің тұрмауын біз ерекше назарға алдық және де хостелдерде құзырлы орындамен бірлесіп, санитарлық-тазалық жұмыстары мен өртке қарсы техникалық қауіпсіздікті күшейттік. Бүгінгі күнге дейін университеттермен келісімшарт орнатқан хостелдерде ешқандай келеңсіз жағдайлар болмағанын жеткізгім келеді», - деді министр.

Алматы қаласының жоғары оқу орындары аталған хостелмен студенттерді орналастыруға келісімшарт жасаспаған. Бүгінгі таңда ЖОО-лар 87 нысанды (қонақүйлер мен хостелдер) жалға алған.

 

Пікірлер