Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар қашықтан оқытуға көше ме?

2217
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда жаппай қызылша ауруы жүріп жатқанда екпе алмаған балалар неге қашықтан оқытуға көшірілмейтініне министр жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

"Бұл жерде адам құқығы маңызды, сондықтан біз өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екпе алмаған балаларды, оның ішінде медициналық жеңілдіктері бар балаларды тағы да дәрігерлер тексереді. Егер тұрақты медициналық жеңілдіктер болса, біз бұл балаларды қорғаймыз, оларға екпе салынбайды, бас тартқандарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Бұған дейін Ажар Ғиният қызылша мен басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияны барлық қазақстандықтар үшін міндетті етуді жоспарлап отыр ма, жоқ па деген сауалға жауап берген болатын. Ол мәселе балаларға қатысты болса, ата-ананың келісімін алу керектігін баса айтты. Егер олар вакцинациядан бас тартса, барлық жауапкершілік тек соларда болады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер