Сот Марат Жыланбаевқа үкім шығарды

3344
Adyrna.kz Telegram

29 қарашада Астананың аудандық соты белгілі марафоншы Марат Жыланбаевты 7 жылға соттады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев Ulysmedia тілшісіне берген ақпаратында белсендіге үкім қазір 16.55 уақытында зум арқылы шығатынын хабарлады

Бұған дейін прокурор соттан Марат Жыланбаевты 10 жылға түрмеге қамауды сұраған болатын.
«17 қарашада Астанада белгілі марафоншы, «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың лидері Марат Жыланбаевтың ісі бойынша сотта жарыссөз өтті. Сот отырысы кезінде прокурор судья Сабыржан Кәрімовтен сотталушы Марат Жыланбаевты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған», - дейді Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев.
Жыланбаевтың соңғы сөзін айтқан сот отырысына адамдар жіберілмеген, отырыс жабық жағдайда өткен.
Марат Жыланбаев осы жылдың мамыр айында қамауға алынған. Полиция қаулысында қоғам белсендісінің Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының ұйымдастырушылары мен қатысушыларының чатында болғаны, осы қозғалыстың негізін қалаушы Мұхтар Әблязовпен байланыста болғаны, сондай-ақ қозғалыстан «Қазақстандағы конституциялық құрылысты өзгерту» мақсатын "қолдағаны" үшін айып тағылған.

Жыланбаев 17 наурызда өткізген акциясы үшін 3 мамырдан бері әкімшілік қамауға алынды. 23 наурызда Жыланбаев бостандыққа шығуы керек еді, бірақ ол босатылған жоқ. Кейін белгілі болғандай, полиция оны экстремизмге қарсы күрес бөліміне апарып, сол күні Жыланбаевтың саяжайында тінту жүргізіп, флэш-диск, телефон және «Алға, Қазақстан!» жазуы бар бірнеше футболка тәркіледі.

Марат Жыланбаев - 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1990 жылдары Қарақұм, Сахара, Үлкен Виктория және Невада сияқты ең үлкен шөлдерді басып өткен әлемдегі жалғыз марафоншы. Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер