Бүгін - Халықаралық, Палестина халқымен ынтымақ күні

1667
Adyrna.kz Telegram

1977 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 қарашаны Халықаралық Палестина халқымен ынтымақтастық күні деп бекітті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұдан бөлек, 1947 жылы дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы "Палестинаны бөлу туралы резолюция" деп танымал болған 181 қарар қабылдап, сионистерге Палестина территорияларын басып алуға бірінші рұқсатын берген.  Палестина қоғамы мен жерін үш бөлікке бөлген қарар Палестина тарихи қоғамының бір бөлігін сионистерге тапсырды.

181 қарарға сәйкес Палестина елінің аумағы екіге бөлінді және Бас Ассамблея оның бір бөлігін еврей мемлекетін және екінші бөлігін Палестина мемлекетін құру үшін қарастырды.

Ресми мәліметтер бойынша, 6 миллионға жуық палестиналық осы күнге дейін әлемде босып жүр, жүздеген мың адам мәжбүрлі түрде қоныс аударды және бірнеше мың адам биылғы Газа соғысы кезінде қаза тапты.

Еске сала кетейік, 2003 жылдың 7 қазанында Палестина-Израиль қақтығыстарының жаңа кезеңі басталып, нәтижесінде мыңдаған адам қаза тапқан болатын.

Сонымен қатар, 2023 жылы 7 қазанында таңертең Газа секторында орналасқан ХАМАС радикалды тобы Израильге шабуыл жасады. Израильге 2,5 мыңнан 5 мыңға дейін зымыран атылды. ХАМАС бөлімшелері шекара тосқауылын бұзып өтіп, Израиль аумағына бірнеше жерден кірді. 1,2 мыңнан астам адам ХАМАС шабуылының құрбаны болды, ал 200-ден астам адам кепілге алынды. Бұған жауап ретінде Израиль тарапы ХАМАС-қа қарсы әскери операция бастады. 8 қазанда ел ресми түрде соғыс жағдайына көшті. Бұл шешім 1973 жылғы Йом Киппур соғысынан кейінгі 50 жылда алғаш рет қабылданды.

Пікірлер