Түркіменстан педагогтары Ресей сертификаттарын алды

1722
Adyrna.kz Telegram

Түркіменстанның Ұлттық білім беру институтында отандық жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына біліктілігін арттыру үшін Набережные Челны мемлекеттік педагогикалық университетінің (НМПУ) сертификаттарын тапсыру салтанатты рәсімі өтті, деп жазады "Адырна". 

Алты күн ішінде Түркіменстаннан 223 мұғалім жеті пән: биология, химия, орыс тілі, әдебиеті, информатика, математика және бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын дамыту бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Курстарды Түрікменстанның Білім министрлігі, НМПУ және Ресей Федерациясының Ашхабадтағы Елшілігі ұйымдастырды.

Ресей дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы Кирилл Воронков атап өткендей, бұл екі елдің білім беру серіктестігі аясындағы дебюттік тәжірибе. Алдағы уақытта бұл бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету жоспарлануда.

Курс қатысушыларының айтуынша, олар болашақта жұмыс істеуге көмектесетін жаңа білім мен дағдылар алды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер