Қазақстандық Түркия түлектерінің кезекті кездесуі осы жылы Алматы қаласында өтті. Атаулы іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Елшісі Мустафа Капуджу, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу, Қазақстан және Түркияның мемлекеттік қызметкерлері, кәсіпкерлер және 300-ге жуық Түркия түлектері қатысты.
Бағдарламада «Түркия түлектерінің Алтын кітабы» жобасы аясында өз саласында ерекше жетістікке қол жеткізген түлектеріміздің марапаттау рәсімі жүзеге асты.«Бұл бірегей жоба қазақстандық түлектер арасында алғаш рет ұйымдастырылып, алдағы уақыттарда жыл сайын өткізілетін болады. Сонымен қатар Turkish Airlines әуе компаниясының қолдауымен Түркияға жолдама ұтыс ойыны өтті. Осы орайда іс-шараға қатысқан барша қонақтарға және іс-шараның өтуіне арнайы қолдау білдірген YTB басшылығына, «Сине Мидас Строй» компаниясының Басқарма Төрағасы Ахмет Будан Мырзаға, Turkish Airlines әуе компаниясының Алматы және Түркістан қалалары бас директоры Угур Жантимур Мырзаға алғысымызды білдіреміз», - деп жеткізеді Түркия түлектері ассоциациясы.

Түркия түлектерінің алтын кітабы
Қазақстандық Түркия түлектері ассоциациясының ұйымдастыруымен өз саласында ерекше жетістікке жеткен түлектерді анықтап, оларды қоғамға таныту мақсатында қазақстандық «Түркия түлектерінің Алтын кітабы» жобасы жүзеге асты. Номинациялар білім және ғылым, спорт, медицина, журналистика, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер,Новости по теме
«Адырна» ұлттық порталы