Қарағанды облысының VolteQ еріктілері қайырылымдылық жәрмеңкесін өткізді

1463
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/ea0c4a14-9d73-4515-84af-06ce7c5dac4d.jpeg

Қарағанды облысының жастары 24.11.23 ж. "VolteQ" волонтерлері жыл сайынғы "JarmenQ" әлеуметтік-қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Биыл 1 ТОМ өкпе гипертензиясы, аутоиммунды ауруы және генетикалық мутациясы бар Ермекова Алишаға арнап өткізді.

Жәрмеңке ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының аумағында өтті. Бұл жәрмеңкеде еріктілер демеушілердің өнімдерін сатып, ойындар мен қызметтерді өткізді. Соңында волонтерлер 135 мың теңге жинап, Түркияның Стамбул қаласында емделу үшін баланың анасына аударды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии