"Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі қайтыс болғаны хабарланды

4055
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін БАҚ-та белгілі қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасардың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ол «Төрт ағайынды» қылмыстық топ жетекшілерінің бірі ретінде танымал.

Еркін Ізбасардың қазасы туралы ақпаратты замандастары растады. Ол бүгін таңда көз жұмған.

“Ол кісі көптеген ауыр операция жасатты. Ұзақ жылдар бойы ауырды. Еркін Ізбасар қазақ спортын дамытуда, оның ішінде жас балаларды спортқа баулуда, тәрбиелеуде көп үлес қосты. Әкесі Жұмаш ағай бапкер болды, өзі де палуан. Бірталай жігітке көмектесті. Ақтөбе облысында күрестің дамуына зор үлес қосқан адам десем болады. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевты алып келіп, Ақтөбе облысына ғана емес, қазақ еліне үлкен жеңіс сыйлады.  Өзі мүгедек бола тұра қайырымдылық акциясына өте көп қатысты. Жоқ-жітікке көмектесті. Елдің азаматы, елдің батыры деп айтатындай азамат", – деді облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев.

Желіде қоштасу рәсіміне шақыру бар сурет де тарап жатыр.

Айта кетейік, 2021 жылы ол денсаулығына байланысты колониядан босатылды. 2018 жылы ол және ұйымдасқан қылмыстық топтың қалған мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Топ жетекшісінің өзі Қылмыстық кодекстің 10 бабы бойынша айыпталған. Қазақстан Республикасының Кодексі, оның ішінде «қылмыстық қоғамдастық ұйымдастыру» және «арнайы ірі көлемде мұнай ұрлау.» Ізбасар бұған дейін омыртқа жарақатын алған, соңғы жылдары мүгедектер арбасына таңылған.

Пікірлер