Ұлттық жоба – білім саласын дамытудың тетігі

1083
Adyrna.kz Telegram
Фото: caravan.kz
Фото: caravan.kz

Жүзеге асырылуы 2021-2025 жылдарға жоспарланған «Білімді ұлт, сапалы» сапалы білім беру» ұлттық жобасы бұрынғы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің басшылығы тұсында қолға алынған болатын.

Ұлттық жоба жалпы 4 негізгі бағыт, 5 міндет, 15 көрсеткіш һәм 26 іс-шараны қамтиды.  Бұл ұлттық жоба білім беруді дамыту тұжырымдасымының аясында әзірленді.  Жобаны жүзеге асыру арқылы ауыл мектептеріне, оның ішінде толық жинақталған, толыққанды кешенді саналатын білім ошақтарында жан басына қаржыландыру бірте-бірте іске қосылады, педагогтердің де еңбекақысы уақыт көшімен ілесе үстемелене отырып көбеюде. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаға көше отырып, білім сапасына оң өзгеріс әкелуді көздейтін мұндай тетіктердің қалыптасуы өте орынды.  Ұлттық жобаны жүзеге асыруда  Ұлытау облысының білім ошақтары да өз үлестерін қосуда.

«Білімді ұлт, сапалы» сапалы білім беру» жобасының тиімділігі туралы  Ұлытау облысындағы білім ошақтары басшыларының пікірін білген болатынбыз.

Дастан Бағдатұлы Оспанов,  Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласындағы №7 жалпы орта білім беретін орта мектептің директоры:

– «Білімді ұл» сапалы білім беру» ұлттық жоспарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды дамытудың да тетіктері қарастырылған. Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоғамға әлеуметтендіру жұмыстары, түзету және оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жақсы жолға қойылған. Оларға психологиялық-педагогикалық  қолдау және оның жеке тәсілдері сараланып, баланың қызығушылығына басымдылық беретін ізгілік қағидасы басшылыққа алынған. Оларды табысты оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу мақсатында мектепішілік «Біз біргеміз» жобасы бастау алды.

Бұл жоба  – педагогтардың өзіндік іс-әрекеттерін талдауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда сеніімділік пен алға ұмтылуға септігін тигізеді. Жалпы білім беретін ортада оқушыны табысқа жетелеу үшін мұғалім – уақытты ұтымды пайдалана алатын, міндеттерді нақты анықтай білетін, кез-келген мәселені шешудің оңтайлы жолдарын тез табатын, қоғамға қызмет ететін және осыған толық жауапкершілікпен қарайтын көшбасшы болуы керек.

Педагог – ең алдымен, бүкіл оқу процесінің мотиваторы, ол оқушыларға жаңа ақпаратты іздеуде бағыт-бағдар берумен қоса, оны қабылдау, өңдеу және игеру дағдыларын қалыптастыра білуі қажет. Сондықтан, білім беру сапасын арттырып, тәжірибесі озық елдердің деңгейімен теңестіру – біздің басты міндет.

Әсем Дәулетбайқызы Алпысова, Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласындағы №27 жалпы білім беретін орта мектептің директоры:

Бірнеше бағытты қамтыған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасының тиімді тұсы  жергілікті мектептерде үш ауысымды білім беру жүйесін түбегейлі жойып, орын тапшылығын азайтуға үлес қосуда.  Бұрындары 1500 балаға арналған мектептерде 2500-3000 мыңға жуық бала оқитын. Қазір салыстырмалы түрде алып қарасақ, бұл көрсеткіш едәуір төмендеді.  

Неғұрлым сыныпта бала тығыз болса, білім меңгертудің де соншалық қиын болатыны бұл жобада ескерілген. Осы жоба шеңберінде қолға алынған бастаманың бірі – «Мұғалім мәртебесі» туралы заң.  Бұрындары артық жүктемеден, қағазбастылықтан  арыла алмаған мұғалімдердің  пән бойынша ізденуге, жаңа әдіспен сабақ меңгертуге мүмкіндігі аз болатын. Қосымша жұмыстар әлбетте мұғалімнің  ізденісіне кедергі жасайтын. Біз бұл олқылықтан да бірте- бірте арылып келеміз.

«Мұғалім – мектептің жүрегі» десек, мыңдаған балаға білім нәрін сепкен  сол ұлағатты жандардың жалақысын үстемелей көтеру де ұстаздар қауымының ынтасын оятуда.

Мектебіміздегі сыныптар  қазіргі таңда пәндер бойынша арнайы жабдықталған.  Білім аламын, ғылымға ұмтыламын, ұлттық тілімізді меңгеріп, ізденемін деген  оқушыларға барынша көңіл бөлініп отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Білімді ұлт» сапалы білім беру» жобасының 2025 жылға дейінгі көздеген межесі толық жүзеге асар болса, Қазақстанның білім саласы өркениетті елдердің білім деңгейіне жетері сөзсіз.

Білімді ұрпақ - болашағымыз. Ұлытау облысында 2023-2025 жылдар аралығында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде бір ауысымда  3600 оқушы орнын қамтитын 6 мектеп салынады деп жоспарлануда. Оның үшеуі қалалық жерде, үшеуі ауылдық елді мекендерде салынады. 

Ұлттық жоба шеңберінде жоспарланып отырған мектептер білім алушыларға жайлы, қауіпсіз болатындай бірыңғай стандартпен салынады. Сонымен қатар, бұл мектептердің оқу-тәрбие үрдісіне қажетті жабдықтары, пәндік кабинеттері, техникалық құрылғылары мен жиһаздары да  толығымен белгіленген қаражат арқылы жабдықталады. 

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының шеңберінде ашылатын мектептерге директорларды бекітуге де ерекше талап қойылады. Директорлыққа үміткерлер "Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау тәртібіне" сәйкес таңдалады. Қазіргі уақытта тәртіпке сәйкес іріктеу турлары жүргізілуде. 

Ұлттық жобаны іске асырушы бірыңғай оператор болып Samruk-Kazyna Construction компаниясы белгіленген.

Пікірлер