"Туған қызын екі жыл бойы зорлады" деген күдікке ілінген ер адам іздестірілуде

3038
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/501b40ca-32a5-4f29-a17d-a57401959fa3-960x500.jpeg?token=aa3c239c80eb1715587bfbd9a67d9a7b
Павлодарда туған қызына зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеп. Павлодарлық тұрғын өз қызын зорлады деген күдікке ілініп отыр.
"Қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен ер адамды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Ресми органның мәліметінше, барлық аумақтық полиция басқармасына, сондай-ақ облыс пен еліміздің шекара қызметтеріне ақпарат жіберілді.
"Қыздың анасының арызы бойынша, Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол әкесі тарапынан зорлық-зомбылық әрекеттерін 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін көріп келген. Бірақ осы уақытқа дейін бұл әрекетті полицияға хабарламаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Комментарии