Адиев сыйлық үшін кішіпейілдік танытты

2239
Adyrna.kz Telegram
Фото: @magomedadiev парақшасынан
Фото: @magomedadiev парақшасынан

ҚР Футбол федерациясы Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін автокөлік сыйлады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ұлттық құрама Словения спортшыларымен қарсы ойында жеңіліп, құрлықтық турнирге тікелей жолдама алмаған болатын.

Дегенмен ҚФФ президенті Әділет Барманқұлов бас бапкерге федерация атынан көлік сыйлады. Бұл туралы бапкер Istagram парақшасында жазды.

"Мен бұл сыйлыққа лайықсыз деп санаймын, өйткені менің ойымша, жаттықтырушы және команда ретінде біз жанкүйерлер алдында қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық. Мен және менің әріптестерім мақсатымызға жету және футболдан Еуропа чемпионатына қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз көп жұмыс күтіп тұрғанын түсінеміз. Мен бұл сыйлықты қатты бағалаймын және бұл Мен үшін мотивацияның қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар біздің еліміз бен оның халқы алдындағы міндетімізді еске салады. Бізге сенгеніңіз және қолдағаныңыз үшін барлығыңызға рахмет!", - деп жазды Магомед Адиев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер