Министр марқұм Ақжол Мейірбековтің туыстарына көңіл айтты

1359
Adyrna.kz Telegram
Фото: Аида Балаеваның Facebook парақшасынан
Фото: Аида Балаеваның Facebook парақшасынан

Министр Аида Балаева дүниеден өткен Ақжол Мейірбековке арнап Facebook парақшасына жазба жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Балаева жазбасында әншінің отбасы мен жақындарына көңіл айтқан.

Бүгін қазақ ән өнерінің жарық жұлдызы, мәдениет саласының майталманы Ақжол Мейірбеков ағамыздың дүниеден өткені жайлы қаралы хабар жетті.
Арда азамат қазақ эстрадасының қалыптасуы жолында айшықты із қалдырып, талай буынның талғамын қалыптастырды. Сондықтан танымал тұлғаның қазасы қалың қазақтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
Ақжол ағамыз өнер кеңістігінде өзіндік жолын қалыптастырып, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблімен бірге елдің ыстық ықыласына бөленіп, соңында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі қалың жұртшылықтың жадында мәңгі сақталары анық.
Марқұмның ағайын-туысы, жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! – дейді Аида Балаева.

«Адырна ұлттық порталы

Пікірлер