Томсен, «түрік» және «Тәңірі». Бүгін – түркі жазба тілін жаңғырту күні

3464
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркі академиясы
Фото: Түркі академиясы

1893 жылы 25 қарашада даниялық лингвист, полиглот Вильгельм Томсен алғаш рет көне түркі жазуының кілтін тауып, ғылым әлемінде айрықша жаңалық ашты.

Вильгельм Томсен алғаш рет Орхон бойынан табылған руникалық жазбаның сырын ашып, «Түрік» және «Тәңірі» сөздерін оқыған болатын. Сол жылы 25 қарашада Дания корольдік ғылым академиясының отырысында мәлімдеме жасады. Бұл әлемдік лингвистикадағы тарихи оқиға болды. Ғылыми айналымда бұл жазуларды «руна (руникалық) жазулары» деп атап кеткен еді. Оның себебі – жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының «руна» жазбаларына ұқсайтын. Алайда ғылыми зерттеулер оның түркілердің төл жазуы екенін анықтады.
Бұл, өз кезегінде түркітанушылардың түркі жазба ескерткіштерін толық аударып шығуына жол ашты.
Уақыт өте келе, оған ХХ ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – түрік, қазақ, әзербайжан, өзбек және басқа да зерттеушілері қосылды.

Қазір Еуразия көлемінде түрік бітікпен бәдізделіп өрнектелген 700-ден астам ірілі-кішілі бітіктас, ескерткіштер, жартастағы және түрлі зат-бұйымдардағы мәтіндер тіркеліп отыр.

Қазіргі таңда Халықаралық Түркі академиясында көне түркі жазуын зерттеп, аударумен айналысатын «Түркология, алтаистика және моңғолтану» бөлімі қызмет істейді.

Сонымен қатар Академия тарапынан түркологияға елеулі үлес қосқан зерттеушілерге арналған, «Вильгельм Томсен» атындағы медаль шығарылған.

Айта кетейік, бірнеше жылдар бұрын осы салада жүрген ғалымдар «25 қараша халықаралық «Төрүк жазуы күні» ретінде ресми бекітілсе» деген ұсынысты алға тартқан болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер