Алматы қаласы респубиликаның негізгі экономикалы орталығы мегаполис экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды - 57,5%, онда 869 мың адам немесе экономикалық белсенді халықтың 83%-ы жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы өкілінің қатысуымен өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Алматы - Қазақстанның ірі қалалық экономикасы бар қаржы мегаполисі, сонымен қатар ол негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында. Біздің қала ЖІӨ-нің бестен бір бөлігін, ел бюджеті түсімдерінің төрттен бір бөлігін құрайды, сондықтан да ол экономикалық орталық болып саналады. Қала экономикасының ЖӨӨ құрылымында сауда және қызмет көрсету салалары басым болып тұр, олардың үлесі 86,1% - құрайды», - деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айнұр Баспақова.
Спикердің айтуынша, 2022 жылы шығарылған ШОК өнімінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады, өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі (НКИ) – 131,1%.
Сонымен қатар, А. Баспақова атап өткендей, бизнесті мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында қаржылай және қаржылай емес қолдау құралдарының кең жиынтығы тартылды.
2023 жылғы қаңтар-мамырда республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмағы Алматы (31,4%) және Астана (12,2%) қалаларына, сондай-ақ Қарағанды (7,7%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.
«Алматы еліміздің сауда қатынастары орталығы. Мұнда сауда, қызмет көрсету, өндіріс салаларында Қазақстанның шағын және орта бизнес кәсіпорындарының ең көп саны шоғырланған. Шет мемлекеттердің барлық бас елшіліктері Алматыда орналасқан, біз олармен достық, серіктестік қатынастар орнаттық, олармен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасаймыз, ақпарат алмасамыз, бірлескен кеңестерге қатысамыз, іс - шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесеміз, шетелдік компанияларға қолдау көрсетеміз, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін ынтымақтасамыз», - деп жалғастырды А.Баспақова.
Мәселен, жыл басынан бері Кәсіпкерлер Палатасы Қытайдың 7 провинциясының сауда палаталарының өкілдіктерімен, сауда палаталарымен, соның ішінде Фейсалабад, Лахор (Пәкістан) қаласындағы әйелдер сауда палаталарымен меморандумдарға қол қойды. Сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен өзара қарым-қатынастар белсенді түрде орнатылуда, Вьетнам, Индонезия, Таиланд өкілдерімен кездесулер мен іс-шаралар өткізілді. 2 қарашада Малайзия делегациясымен кездесу өтеді. Таяу Шығыс, Еуропа, ТМД, АҚШ елдерімен ынтымақтастық орнады.
Сонымен қатар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы қазақстандық кәсіпкерлердің халықаралық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу үшін халықаралық іс-шаралар: форумдар, конференциялар, B2B кездесулер ұйымдастырады және өткізеді.
«Біз шетелдік делегациялардың өкілдерімен бірінші болып кездесеміз, оларға біздің еліміздегі мүмкіндіктерді таныстырамыз және біздің кәсіпкерлер кез келген уақытта бізге хабарласып, белгілі бір елмен өз бизнесін дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады. Біз сауда серіктестерін іздеу, экспортқа шығу үшін консультациялық қызметтер көрсетеміз. Kazakh Export және QazTrade ұлттық компаниялары отандық өндірушілерге экспортта қолдау көрсетеді. Қазақинвест инвестициялық жобалар мен инвесторларға тікелей қолдау көрсетеді», - деп толықтырды спикер.
Осы жылдың 1 қарашасында Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының, Сауда және консалтингтік компаниялар қауымдастығының қолдауымен Алматыда сауда туралы, халықаралық сауда туралы мамандандырылған іс – шара-Tradex халықаралық сауда форумы өтеді, онда жеткізу тізбегі, сауда саясатындағы үрдістер, логистика, электрондық коммерция, франчайзинг мәселелері талқыланады. Іс-шараға 500-ден астам кәсіпкер қатысуды жоспарлап отыр.