«Өз құқықтарын білу - азаматтық күштің негізі»

1159
Adyrna.kz Telegram

Құқықтық көмек" партиялық жобасы аясында 1 626 қабылдау, 4 мыңнан астам адамға тегін заң көмегі көрсетілді. Бұл туралы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, белсенді Әлия Садырбаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Қазіргі жағдайда азаматтарды құқықтық насихаттау мен құқықтық тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Ал азаматтардың құқықтарын бұзудың көпшілігі ақпараттық ресурстар мен заң көмегіне қол жеткізу шектелген шеткі аймақта орын алуда", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Достар, өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдың басында біз азаматтарға заңгерлік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған "Құқықтық көмек" партиялық жобасын бастадық. Бүгінгі таңда біз 1 626 қабылдау өткіздік, онда 4 мыңнан астам адамға тегін заң көмегі көрсетілді.

Өз құқықтарын білу - азаматтық күштің негізі. Ал қоғамдық қабылдау алаңдарында іске асырылатын "Құқықтық көмек" партиялық жобасы бізге әркім өз құқықтарын білетін және оларды қорғай алатын заңды сауатты қоғам құруға көмектеседі.

21-23 қараша аралығында Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі заң консультацияларын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Марат Бәшімов,  Қайрат Балабиев  және Унзила Шапак, заңнама және сот-құқықтық реформа Комитетінің мүшелері, сондай-ақ Заңгерлер одағы көрсететін болады. Кеңес алу үшін алдын ала жазылу қажет емес. Кестеде көрсетілген уақытқа келуге болады”, деп жазды ол.

Пікірлер