Назарбаев университетінде қызылша дерті өршіп кетті, кейбір студенттер онлайн оқытуға жіберілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТаг-қа сілтеп.
Астанадағы Назарбаев университетінде студенттер қызылшамен ауырды, ауруға шалдыққандар немесе олармен байланыста болғандар онлайн оқуда. Студенттер қашықтан оқытуға 40-тан астам оқушысы бар топтар да жіберілетінін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың басынан бері қызылшаны жұқтырудың 13 мыңнан астам жағдайы тіркелген.
Астанада 6 мен 10 айлық балалар жаппай қызылшаға қарсы қосымша екпе ала бастады. 10 қарашадағы жағдай бойынша қызылша диагнозы 580 науқаста расталды, оның ішінде ересектер арасында 98 жағдай, бұл 16,9%, ал 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында — 35 жағдай немесе 6%.