Қатты дауылдың салдарынан Екібастұз ЖЭО-да қазандықтар тоқтап қалды

2106
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылуынан Екібастұз жылу электр орталығында қазандықтар тоқтап қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қатты дауылдан түнде Екібастұз жылу электр орталығында қазандықтар тоқтап қалған.

"Кеше түнде соққан дауылды желдің салдарынан кей жерлерде 30 м/с-тан асатын Екібастұз ЖЭО кернеусіз қалды. ГРЭС-1-ден қуат алатын негізгі және резервтік қосалқы станциялардың тоқтап қалуына байланысты станцияны электрмен қамту үзілді. ЖЭО-ның негізгі жабдықтары электр энергиясы есебінен жұмыс істейтіндіктен, стансадағы қазандықтар мәжбүрлі түрде өшірілді", - делінген "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС хабарламасында.

Таңғы 5:15-те жылу электр орталығында электрмен жабдықтау қалпына келтірілген.

Ал Энергетика министрлігі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша "№7 қазандық жұмыс істеп, №14 қазандық жануда, №11 және 15 қазандықтар жарықтандыруға дайындалып жатыр" деген хабарлама жолдады.

Дауылды ауа райы Павлодарлық тұрғындарды да әбігерге салған. 18-19 қараша аралығында Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты 100 елді мекенде электр энергиясы үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазір олардың 60-ында ғана жарық қалпына келтірілсе, 40-ы жарықсыз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер