3 млрд теңге. Маңғыстауда әйел адам тұрғындарды алдап кеткен

2121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/10ba0403-6b9a-45bd-adb9-81898ed1f5c9.jpg
Маңғыстау облысында әйел адам тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеп. Маңғыстау облыстық полиция бөлімшесіне 250-ге жуық арыз түскен. Тұрғындар арбау жолымен елдің ақшасын жинап алған әйелге шағымданған. Нұргүл есімді келіншек көпшілікке Қытайдан төмен бағамен ыдыс-аяқтар жеткізіп беруге уәде берген. Алайда бәрінің ақшасын алып, қыз-келіншектерді сазға отырғызған. Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында Whatsapp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағадан ыдыс-аяқ жеткізетінін айтқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгені құрайды.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің "аса ірі мөлшердегі алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауда алынып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Комментарии