Астананың желінен адамдар зардап шекті

2846
Adyrna.kz Telegram
Фото: Liter.kz
Фото: Liter.kz

Астанада қатты желдің салдарынан бірнеше қала тұрғыны зардап шеккен, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада  қатты желдің салдарынан бірнеше қала тұрғыны түрлі жарақаттармен медициналық көмекке жүгінген.

Астана әкімдігі таратқан хабарламада:

"Жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты әртүрлі жарақаттары бар көпсалалы қалалық ауруханалардың жарақат пункттеріне жеткізді. Бұл негізінен көгеру, абразия. Бір бала аяқтың жабық сынуымен келді. Барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық науқастар жоқ", - делінген.

Жеңіл жарақат алған тұрғындар медициналық көмектен соң үйлеріне жіберілген. Ал науқастардың бір бөлігі ауруханаларға жеткізілген.

Ауа-райының нашарлауына байланысты қалалық коммуналдық қызметтер қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 18 қарашада елордада қатты желдің салдарынан шатырлар мен қоршаулар ұшып, қала жұртын әбігерге салған болатын.

Сондай-ақ, ірі сауда орталығының бірінде қоршау ұшып, әйелдің үстіне құлады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер