Қазақстанда Starlink-ті пайдаланғандарға айыппұл салынады

1432
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Қазақстанда аумағында Starlink-ті жеке мақсатта пайдалану заңсыз. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің байланыс саласындағы бақылау басқармасының басшысы Диас Төлегенов мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министрлікте өткен брифингте журналистер Қазақстандықтардың Starlink интернетін пайдалану мәселесін көтерді. Нәтижесінде, бұл заңсыз екені анықталды.

«Бұл мәселе бойынша, мен мұндай адамдарды кездестіріп жүрмін (үйлерінде Starlink орнатқан, шамамен). Осыған байланысты тиісті органдар анықтау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Себебі оны қазіргі уақытта ағымдағы нұсқада пайдалану – қолданыстағы заңнаманы бұзады, өйткені ол қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді», - деді Диас Төлегенов.

Ол пилоттық жоба шеңберінде техникалық жұмыстар аяқталғанға дейін және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін «бұл заңсыз болады» деп атап көрсетті.

Осылайша, Starlink-тен интернетті пайдаланғаны және таратқаны үшін қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін.

«Егер ол сатып алса да, өзгерістер енгізілгеннен кейін оны қолдана алады. Жеке тұлғалар үшін өзгерістер енгізілгенге дейін бірінші рет - ескерту, ал кейін - 10 АЕК айыппұл (2023 жылы 34 500 теңге-шамамен.)», - деді Төлегенов.

Бұндай заңбұзушылық фактілерінде қазақстандықтарды қалай тексеріп, анықтайтыны жайында спикер нақтыламады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінуге мәжбүр болды. Құны бір орынға айына $200 құрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер