Назарбаевтың үндеуі жарияланды

2116
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға інісінің қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздері мен шынайы тілектеріне ризашылығын білдіріп үндеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Үндеу Назарбаевтың дербес сайтында жарық көрген.

Үндеуінде экс-президент ауыр сәтте халықтың көрсеткен қолдауы күш-қуат бергенін атап өтті.

«Жақын адамнан айырылу —орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді.

Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті.

Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын.

Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет»,—деді экс-басшы.

Пікірлер