ҰҚК міндетінен Назарбаевты қорғауды алып тастау 24 қарашаға дейін талқыланады

1362
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) туралы ережеден тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорғауды  алып тастау 24 қарашаға дейін талқыланады.  10 қарашада ашылған талқылауға әзірге көпшіліктен пікір түспеді. «Ашық НҚА» порталында Қазақстан Президенті Жарлығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Осы құжатқа сәйкес ҰҚК туралы ережеден Республиканың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қорғау туралы жарғыны алып тастау жоспарлануда.

Осылайша, 14-тармақтың 2-тармақшасының 13-абзацының жаңа редакциясында ҰҚК Елбасының мәртебесі туралы нақтылаусыз «Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуы» тиіс делінген.

Бұрынғы редакцияда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуға» міндетті екендігі айтылған.

Айта кетейік, жарлықтың жобасы 24 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда.

Пікірлер