Қазақстандық футболшы Бақтияр Зайнутдинов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

4833
Adyrna.kz Telegram
Фото: TRT sport
Фото: TRT sport

Қазақстандық футболшы,  «Бешикташ» клубының спортшысы Бақтияр Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, Бұл туралы Prosports.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» клубының ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кеткен. Салдарынан Зайнутдиновтың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келген. Осылайша, «Истанбул Башакшехирмен» болған ойынның 41-минутында жартылай қорғаушыны ауыстыруға тура келді.

Футболшы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Аталған ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақаты және оның ұлттық құрама матчтарына қатысуы туралы мәлімдеме жасады: 

«Матчтың 37-ші минутында беті мен мұрнынан соққы алып, ойынды жалғастыра алмаған футболшымыз Бактиер Зайнутдиновтың мұрын сүйегі мен аңғалағының негізі сынғаны анықталды. Зайнутдиновтың мұрнына ота жасалып, таңғыш қалақ салынды», - делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз: ол Қазақстан құрамасына 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы шешуші матчтарында ойнай алмайтын көрінеді.

 

Пікірлер