“Адырна” жариялаған видео. Өз баласын ұрған адам анықталды

1706
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Кішкентай нәрестені ұрып-соққан әйелдің кім екені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Баланы ұрып, дауыс көтеріп, дөрекілік танытқан  әйел туралы “Адырна” ұлттық порталында ақпарат жарияланған болатын.

“Адырнаның” Instagram парақшасында жүктелген бейне-жазбаға Астана қаласының Полиция департаменті жауап қалдырды:

“Әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде әйелдің жас баланы ұрып-соғып жатқан видеосы анықталды. Полиция қызметкерлері тексеру барысында 37 жастағы елорда тұрғыны анықталып, Сарыарқа аудандық басқармасына жеткізілді. Әйелдің айтуынша, ол бұл видеоны өткен жылдың желтоқсан айында некесіз күйеуімен кезекті жанжалдан кейін түсірген. Әйелмен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл отбасы ювеналды полицияның бақылауына алынды”, - делінген хабарламада.

Баланы аяусыз ұрып-соққан келіншектің әрекеті желі қолданушыларының ашуын туғызды. “Баланың не кінәсі бар?”, “Бақпасаң, маған берші”, “Адамдар не болып бара жатыр?”, “Баланы дереу тартып алу керек, бір жерін жазым қылады”, - деген пікірлер толассыз түсуде.

Пікірлер