Бейне камера хроникасы. Желіде Бишімбаевтың қылмысына қатысты ақпарат тарады

4461
Adyrna.kz Telegram
9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаев елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққан. Бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрдің қылмысы туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған.  Сағат 19:54-те жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғанын хабарлады. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Ал Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын 10 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растаған болатын. Сонымен қатар БАҚ беттерінде "Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған сәтінде түсірілді" деген суреттер тарады. Істің мән-жайы тексеріліп жатыр. Дегенмен желі қолданушылары әлеуметтік парақшаларында тергеу аяқталмай жатып, жазба жариялауда. Журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында "Бейне камера хроникасын" жариялады:
"Қ. Бишімбаев ағасына телефон соғып, тезірек мейрамханаға келуін өтінген.
9:30 мейрамханаға келген ағасы бірінші VIP кабинада жарық жанып тұрғанын көреді.
"Есікті қақтым, бірақ Бишімбаев көрпе алып келуімді өтініп, ішке кіргізбеді. Мен айтқанын істедім, киім ауыстыратын бөлмеге барып, екі көрпе алып, вип бөлмеге келдім. Сол жерде қимылсыз жатқан Салтанатты көрдім, ол қатты қорылдап жатты, ұйықтап жатыр деп ойладым. Содан кейін мен кіреберісте еденде қан іздерін байқадым".
Бишімбаев әйелді өзі әкелген екі көрпемен жауып тастаған.
13:00 Бишімбаев телефон соғып, темекі, аспирин, кетонал әкелуді бұйырады. Заттарды алған ол мейрамханадан бүкіл қызметкерлерді босатуды бұйырды. Ағасы бұйрықты орындап, кеңсеге қайтады.
13: 30 Бишімбаев Гастроцентрдегі барлық бейнебақылауларды өшіруді бұйырады.
13:45-те бейненің жойылғанына көз жеткізу үшін ағасы басқару бөлмесіне түскен.
Ол жедел жәрдем шақыру керек екенін айтты, бірақ «ол ұйықтап жатыр» деген жауап алды. Бұл 16.35 еді. 16:40 Бишімбаев оны кабинетіне қайта шақырып, әйелдің тамыр соғысын тексеруді сұраған.
Ағасы тамыр соғысын тексергеннен кейін ғана Нүкенованың өлгенін түсініп, телефонынан жедел жәрдем шақырған", - деп жазды.
Ал Kozachkov offside Telegram парақшасында бұл іске қатысты:
"Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концерт біткен соң кешкісін «Бау» мейрамханасына келді.  Таңғы 3-ке таяп қалғанда мекеме жабылып қалды, сондықтан қызметкерлердің бірі (бас бухгалтер болуы мүмкін) ерлі-зайыптыларға такси шақыруды ұсынды. Қуандық көнбеген. Ерлі-зайыптылардың арасында осы уақытты кішігірім дау туды. Бірақ олар татуласқан. Олар осында түнеп, ішімдік ішкен. Кейін таңғы ас ішіп, Салтанат қайта ұйықтауға кеткен. Кейін Бишімбаев әйелінің денсаулығына алаңдап,  бір інісіне жазып дәрі-дәрмек сұраған.
Салтанатқа ауыр жағдай болып жатқаны белгілі болған кезде мекеме қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, кейін полиция шақырған. Айырмашылық жарты сағатқа жуық. Ол бұл уақытта қайтыс болды", - деген ақпарат таратылған.
Сондай-ақ тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.
Ал 9 қараша күні көз жұмған марқұм Нүкенованың денесі 11 қарашада жер қойнына тапсырылды.
Пікірлер