"Ресейден маман тартуға тыйым салынбайды". Министр жаңа орыс мектептері жайлы пікір білдірді

2980
Adyrna.kz Telegram
Фото: amanatpartiasy.kz
Фото: amanatpartiasy.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанның оңтүстігінде ашылмақ орыс мектептеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, оңтүстік өңірлерде үш ауысымда оқитын мектептер көп әрі мектеп жетіспеушілігі байқалады.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл — үлкен аймақ. Мұндай жерлерге мектеп салуға қолдау көрсетуіміз керек. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында белгілі бір қаржы бөлінеді, дегенмен жеткіліксіз болып отыр»,- деді министр.

Ғани Бейсембаев елімізде орыс тілінде оқытылатын аралас мектептер бар екенін атап өтті.

«Еліміздегі кез келген мектепте Қазақстанның стандарттары қатаң сақталады. «Орыс мектебі» деген түсінік жоқ. Біз көптілділікті дамытып жатырмыз. Балаларымыз бәсекеге қабілетті болуы керек. Бірнеше тіл дамытылуы тиіс. Сондықтан ю, егер француз немесе басқа да мектептер ашылып жатса, бұл саясатқа әсер етеді деген бір фобия болмауы керек»,—деп түсіндірді ол.

Басқарма басшысы мектептердің құрылысын Ресей тарапы қаржыландыратын айтты.

«Бұл мектептерде өзіміздің ұстаздар жұмыс істейді. Ал Ресейден маман тартуға тыйым салынбайды. Егер ана тілінде сөйлейтіндер француз, ағылшын тілдерін үйретіп жатса, бұл жақсы емес пе, мұндай тәжірибеде бар»,—деді министр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде үш орыстілді мектеп салынатыны туралы жазған едік. 

Пікірлер